“Орталық Азиядағы азаматтығы жоқтық мәселесін тұрақты дамыту және шешу” конкурсын қорытындылау
2024 жыл #IBelong азаматтығы жоқтықты жою жөніндегі жаһандық науқанының соңғы жылы болғандықтан, үкімет, БҰҰ, азаматтық қоғам, ғылыми орталар және басқалары қойған мақсаттарына жету арқылы азаматтығы жоқтықты біржола жою үшін күш-жігерін нығайтуда.
Азаматтығы жоқтық, яғни адам бірде-бір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын жағдай бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарға әсер етеді. Азаматтығы жоқ адамдар көбінесе білім беру, жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау және қозғалыс еркіндігін қоса алғанда, адамның ең негізгі құқықтарына қол жеткізе алмайды.
Журналистерге арналған “Орталық Азиядағы азаматтығы жоқтық мәселін тұрақты дамыту және шешу” конкурсы тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ 10: теңсіздікті қысқарту; ТДМ 16: әділ және тиімді институттар құру; ТДМ 17: тұрақты даму үшін серіктестік) қол жеткізу үшін Орталық Азиядағы азаматтығы жоқтық мәселесін шешудің маңыздылығын сапалы, сенімді және тиімді жариялауды қолдауға бағытталған. Конкурсты UNHCR 2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың маусымына дейін өткізді.
Конкурсқа қатысуға Қазақстанның, Қырғыз Республикасының және Өзбекстанның түкпір-түкпірінен кәсіби бұқаралық ақпарат құралдары, фрилансер-журналистер, бейнеоператорлар, фотографтар, графикалық дизайнерлер, жазушылар және басқа да контент жасаушылар шақырылды. Жобалардың іске асыруын қолдайтын қаржылық грант алу үшін барлық қатысушылар өздерінің жобалық ұсыныстарын тапсырды. Осылайша үш жеңімпаз және үш арнайы сыйлық иегерлері Орталық Азиядағы азаматтығы жоқтық тақырыбында бейне әңгімелер, иллюстрациялар, лонгридтер, мақалалар, радиобағдарламалар, әлеуметтік желілердегі жазбалар, сұхбаттар мен подкасттарды қамтитын әртүрлі туындылар жасады.
Байқау жеңімпаздары:
Өзбекстандағы фрилансер-журналист Шойира Нусратова “Азаматтығы жоқ адамдар Өзбекстанда қалай өмір сүреді?“ деп аталған азаматтығы жоқ үш әйел Хадиджа, Нигора және Наргизаның оқиғаларымен өзбек тіліндегі туындысы арқылы бөлісті. Сондай-ақ, жоба аталған әйелдердің тәжірибесі туралы көбірек білуге мүмкіндік беретін екі подкастты қамтиды.
Қырғыз Республикасындағы “Марал ТВ” телевизиялық радиохабар компаниясы қырғыз тілінде “Мен қалай Қырғызстан азаматы бола аламын?” деп аталатын жобаны дайындады. Жобаның аясында “Азаматтығы жоқ тұлғалар кім және олар кімнен көмек сұрауы керек?” сияқты әр түрлі сұрақтарға жауап беретін мақалаларды, сондай-ақ “Қырғыз Республикасындағы азаматтығы жоқтық мәселесін шешуге арналған іс-шаралар” сияқты радиобағдарламаларды шығарды.
Сондай-ақ, YouTube және Facebook платформаларында “Азаматтығың жоқ болса, көрінбейсің” бейнеролигі жарияланды. Instagram, Facebook және TikTok-та азаматтығы жоқтықты жоюдың маңыздылығын тереңірек көрсету үшін әртүрлі жазбалар шығарылды.
“Марал ТВ” құқық қорғаушы заңгер,”Юристы Ферганской долины без границ” қоғамдық бірлестігінің директоры және 2019 жылғы Нансен сыйлығының лауреаты Азизбек Ашуровтан сұхбат алды. Ол Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 10,000-нан астам адамға Қырғызстан азаматтығын алуға көмектесті.
Uztrend, өзбек онлайн бұқаралық ақпарат құралы, Өзбекстандағы азаматтығы жоқ адамдардың шынайы өмірлік оқиғаларына, олардың алдында тұрған мәселелерге және оларға көмектесу үшін ұсынылуы мүмкін шешімдерге арналған өзбек және орыс тілдерінде “Басқалардың өмірі” аталған мультимедиялық жобасын әзірледі.
Жоба аясында UzTrend бірқатар мақалалар жариялады, соның ішінде “Азаматтыққа апарар ұзақ жол” және UNHCR құқықтық мәселелер жөніндегі қызметкері Мейрам Рахымбековпен “#IBelong науқаны: Қазақстан тәжірибесі” тақырыбында сұхбат алды.
Арнайы жүлделердің иегерлері:
Cabar Asia (Орталық Азия аналитикалық есеп беру бюросы) соғыс және бейбітшілікті жариялау институтының аймақтық платформасы “Азаматтығы жоқ адамдар Орталық Азияда қалай өмір сүреді?” деген орыс тіліндегі мақаланы UNHCR-дың азаматтығы жоқтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Сергей Гайнамен бірлесіп шығарды. Сондай-ақ “Паспортсыз: Орталық Азияда көрінбейтін адамдар қалай өмір сүреді?” деп аталатын Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстандағы азаматтығы жоқтық мәселесі туралы толық ақпаратпен бөлісті.
Өзбекстандық тәуелсіз суретші және педагог Фарогат Хуррамова азаматтығы жоқтық мәселесіне жарық түсіру үшін 15 иллюстрация жасады. Оның “Көлеңке болғым келмейді” деп аталатын жинағы азаматтығы жоқ адамдар кездесетін қиындықтар туралы нақты түсінік береді. Әр иллюстрация өзбек және орыс тілдерінде егжей-тегжейлі түсіндірумен бірге жүреді.
Заманауи әйелдерге арналған Қазақстандық онлайн-басылым Manshuq Media Instagram-да орыс және қазақ тілдерінде азаматтығы жоқтықтың Қазақстандағы және бүкіл Орталық Азиядағы адамдарға қалай әсер ететіні туралы баяндайтын алты ақпараттық пост жариялады.
UNHCR серіктесі, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары Денис Дживагамен бірлесіп дайындалған “Сені ешкім қорғамайды: Азаматтығы жоқ адамдар Қазақстанда қалай өмір сүреді?” посты азаматтығы жоқ адамдар қалай көмек ала алатыны жайында жазылған.
“Менің мақсатым – жұмысқа ресми түрде орналасу” посты да азаматтығы жоқ адамдардың өміріндегі оқиғалар туралы:
2024 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша Орталық Азияда 37,000-нан астам адам азаматтығы жоқ тұлғалар болып табылады. Олардың көпшілігі тәуелсіз мемлекеттердің азаматтығын әлі алмаған немесе растамаған бұрынғы Кеңес Одағының азаматтары немесе олардың ұрпақтары. Басқалары азаматтығы жоқ болып туылған немесе халықаралық көші-қон және неке туралы заңдардағы олқылықтарға байланысты азаматтығы жоқ тұлға атанған.
Орталық Азия тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылатындықтан, бүкіл қоғам, үкіметтер, қауымдастықтар, ғылыми орталар және бұқаралық ақпарат құралдары азаматтығы жоқтықты жою, азаматтығы жоқ адамдардың дауыстарын күшейту және ешкімнің шетте қалмауын қамтамасыз ету үшін бірігуі өте маңызды.
Facebook желісінде бөлісу Twitter желісінде бөлісу