26 Мамырда UNHCR, яғни Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Агенттігі және Қазақстан Республикасының Еңбек және Халықты Әлеуметтік Қорғау Министрлігі (ЕХӘҚМ) босқындар мен пана іздеушілерді қорғау және интеграциялау бойынша ынтымақтастықты нығайту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қоюға арналған отырыс аясында екі тарап 2023 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарын, оның ішінде 1951 жылғы Конвенцияның ережелеріне сәйкес ұлттық заңнаманың нормаларын сәйкестендіру бойынша ұсыныстар дайындайтын 2023-27 жылдарға арналған көші-қон саясатының іс-қимыл жоспарын іске асыруды талқылады. Жоспарда еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін босқындардың медициналық көмек, жұмыспен қамту, білім алу және әлеуметтік қамсыздандыру сияқты қызметтерге азаматтар мен Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктермен тең дәрежеде қол жетуін қамтамасыз ету жайында айтылған.
UNHCR және ЕХӘҚМ Қазақстандағы босқындардың жалпы жағдайын жақсарту мақсатында қарқынды ынтымақтастықты жалғастыруға ортақ міндеттемелерін білдірді.
UNHCR қазіргі таңда ЕХӘҚМ және Қазақстандағы басқа серіктестерімен босқындар мен пана іздеушілердің азаматтармен тең дәрежеде медициналық көмекке, жұмысқа орналасуға, білім алуға және әлеуметтік көмекке қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін бірлесіп ат салысуда. Бұл инклюзивті тәсіл босқындар мен пана іздеушілердің интеграциясына, сондай-ақ тұрақты әлеуметтік және экономикалық дамуға қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосады деп күтілуде.
Facebook желісінде бөлісу Twitter желісінде бөлісу