Дүниежүзілік босқындар күні

Қашуға мәжбүр болған адамдармен ынтымақтастығыңызды көрсету үшін осы Дүниежүзілік босқындар күнінде бізге қосылыңыз.

Қазіргі таңда босқындар біздің қолдауымыз бен ынтымақтастығымызға бұрынғыдан да көбірек мұқтаж. Бұл дегеніміз біз босқындардың күш-қуаты мен жетістіктерін мойындап, олар қандай қиындықтарға тап болатыны туралы ойланып, көкірегіміз ояу болу керегін білдіреді.

Қашуға мәжбүр болған адамдармен ынтымақтасу сонымен қатар олардың жағдайын жақсарту үшін шешімдер табуды білдіреді. Үйлерін тастап кеткен адамдар өз өмірлері үшін қорықпай қайтып оралуы үшін қақтығыстарды тоқтату, босқындарды қабылдаушы қауымдастықтарда даму мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету және босқындарды қабылдайтын елдерді оларға қолдау көрсету үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.

World Refugee Day poster - #WithRefugees

Босқындармен ынтымақтастықты қалай көрсете аласыз?

donate icon

Қолдау көрсетіңіз

Осы Дүниежүзілік босқындар күнінде босқындардың дауысын күшейтуге көмектесу үшін біздің әлеуметтік медиа парақшаларымызға жазылыңыз. Бізді Facebook, Twitter немесе Instagram бақылаңыз.

donate icon

Қайырымдылық жасаңыз

“Жоғарыға ұмтылу”  науқанымыздың шеңберінде қайырымдылық жасау арқылы жас босқындарға жоғары білім алуға қолдау көрсетіңіз.

Қазақстанда 2024 ж. өтетін іс-шаралар:

  • Фильмдердің ашық көрсетілімдері, Алматы және Астана
  • Балаларға арналған футбол матчы, Алматы
  • “Ынтымақтастық” тақырыбындағы Арт-терапия, Алматы. 

#Босқындармен ынтымақтастықтың үш мысалы

We Were Here — UNHCR, яғни Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттігі және YouTube қосылып шығарған Webby сыйлығының иегері атанған деректі фильмдер сериясы.

Дүниежүзілік босқындар күнін қолдау үшін бұл қысқаметражды фильмдер бізді босқындардан ерекшелендіретін нәрселерден гөрі біріктіретін нәрселерді көрсету арқылы босқындар туралы қалыптасқан стереотиптерге қарсы тұрады. Иорданиядан, Германиядан және Угандадан келген босқындар өздерінің оқиғаларымен бөлісу үшін YouTube-тің үздік авторларымен бірлесіп жұмыс істеді.

Украинада соғыс басталғанда даңқ шыңында болған Бетлехем, Сиона және Мириамның музыкалық тобы британдық музыкалық продюсер Джекс Джонспен бірге студияда уақыт өткізеді.

Угандадағы Конго Демократиялық Республикасынан келген босқын Бемерики Бусамва уэльстік вегетариандық аспаз Газ Оклимен қауымдастықтарға азық-түлік өсіруді үйретуге деген құмарлығын бөліседі.

Сириялық босқын және ойыншық жасаушы Мұхаммед швед өнертапқышы Симон Герцті Иорданиядағы Азрак босқындар лагеріндегі шеберханасына шақырады.

Дүниежүзілік босқындар күнінің тарихы мен мақсаты

Дүниежүзілік босқындар күні босқындардың құқықтарын, қажеттіліктері мен ұмтылыстарын атап өтуге, босқындардың өмір сүріп қана қоймай, олардың өркендеуі үшін саяси ерік пен ресурстарды жұмылдыруға көмектесуге бағытталған.