Бүкіл өмірін Алматыда өткізген Наталья өзінің және қызының ел азаматтығын растау үмітін үзген емес.
Жиырма жыл бұрын Қазақстандағы Алматы қаласы «Алма-Ата» деп аталды. Қазіргі алма ағашының ең көне атасы Қазақстандағы Тянь-Шань тауларындағы аймақтан шыққан деген болжам бар.
Сондықтан Натальяның Алматыда өскен кездегі ең жақсы көретін естеліктерінің бірі алманың көптігі екені таңқаларлық емес. «Барлық жерде алма ағаштары көп өскен болатын», – дейді Наталья.
Ата-анасы сияқты Наталья да Алматыда өсіп, өмір бойы осы қалада өткізді.
Наталья Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін дүниеге келген және 1990 жылдардағы облыстың көптеген тұрғындары сияқты оның жеке басын және КСРО азаматтығын растайтын құжаты болған. Жиырма жасында ол қызметкерлерінің төлқұжаттарын алып қоятын косметикалық компанияда жұмыс істей бастады.
Бір күні олар оның төлқұжатын жоғалтып алды.
Наталья өзінің жеке басын күәландыратын және оның Қазақстаннан екенін растайтын құжатсыз қалды. Кенеттен азаматтығы жоқ тұлға болып қалу қаупі туындады.
Қазақстандағы азаматсыздық
Азаматтығы жоқ тұлға – ешбір ел азаматы деп есептемейтін адам. 2023 жылдың ортасындағы жағдай бойынша Қазақстанда 8266 азаматтығы жоқ тұлға тіркелген. Наталья сияқты олардың көпшілігі бұрынғы Кеңес Одағының азаматтары немесе олардың Қазақстан азаматтығын әлі қабылдамаған немесе растамаған ұрпақтары. Қалғандары азаматтығы жоқ туылғандар немесе азаматтық заңнамадағы олқылықтардың салдарынан, халықаралық көші-қон немесе басқа мемлекеттің азаматымен некеге тұру нәтижесінде сондай жағдайға ұшырағандар.
Азаматтық немесе қандай да бір ресми құқықтық мәртебе болмаса, бұл адамдар білім мен денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу және қозғалыс еркіндігі сияқты негізгі құқықтарға қол жеткізуде жиі қиындықтарға тап болады. Олар некені, тіпті баланың туылуын да тіркей алмайды.
«Менде ешқандай құқығым болмады», – дейді Наталья. «Мен ресми түрде жұмыс таба алмадым. Мен өзімді үйсіз сезіндім. Айналамдағы адамдар мені теріс қабылдағандай сезіндім».
Наталья келесі 20 жылын қиыншылықпен өткізді, қолынан келгенше бейресми жұмыс істеді, осы уақыт бойы өз мәселесін шешу жолдарын іздеді.
«Мен бірнеше ұйымдармен байланысып, бірнеше мұрағаттарға бардым», – дейді Наталья. «Бірақ бұл көмектеспеді».
2013 жылы Наталья Вероника атты қызды дүниеге әкелді, азаматтықты растаудың болмауына байланысты мәселелер кейінгі ұрпаққа да тарады. Қызы медициналық мекемеде дүниеге келгеніне қарамастан, «Мен оны тіркей алмай, туу туралы куәлік ала алмадым», – дейді Наталья.
Вероника жетіге толып, мектепке баратын уақыт келген кезде, оның кім екенін, қайдан келгенін немесе мектепке баруға құқығы бар-жоғын дәлелдейтін құжаттары болмағандықтан, оны ешбір мектеп қабылдамады.
Тіпті басқа балалар да онымен араласқысы келмеді.
«Қызымның құжаттары болмағандақтан, онымен ешкімнің сөйлескісі келмегені, ешкім онымен сөйлескісі келмегені мені қатты ренжітті», – дейді Наталья.
Құжаттарын жоғалмағандықтан, Қазақстан азаматтығын алған, Натальяның сіңлісі жиенім білім алсын деп, Вероникаға жеке тәрбиешілерді жолдап көмектесті.
2024 жылдың соңына қарай азаматсыздық мәселесін жеңу
2022 жылы Натальяның әпкесінің досы оларға UNHCR қолдауымен азаматсыздық жағдайларын анықтау және оларды шешуге көмек көрсету бойынша жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросына («АҚмЗСЖҚХБ») хабарласуға кеңес берді.
АҚмЗСЖҚХБ заңгерлерінің тегін заңгерлік кеңесі мен көмегінің арқасында Наталья өзі таба алған барлық ақпарат пен құжаттарды жинап, оларды көші-қон органдарына тапсырды. Қазақстан азаматтығын растау рәсімі бірнеше айға созылып, сәтті аяқталды.
Енді Қазақстан азаматының жеке куәлігі бар Наталья заңды түрде жұмыс істеп, салық пен зейнетақы қорына жарна төлей алады. Вероника мектепте оқиды, қазір оның жеке құжаты – туу туралы куәлігі де бар. Ол 16 жасқа толған кезде Қазақстан азаматы ретінде төлқұжат ала алады.
«Мен осында дүниеге келдім», – дейді Наталья. «Бұл менің Отаным. Мен Қазақстан азаматы екенімді мақтан тұтамын».
Бар болғаны он жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан UNHCR қолдауымен азаматсыздықты азайту және алдын алуда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Өткен жылдың желтоқсан айында босқындар мен азаматсыздық мәселелері жөніндегі ең ірі халықаралық конференция – Босқындар мәселелері жөніндегі Жаһандық форумы аясында Қазақстан Үкіметі бес міндеттеме қабылдады , оның ішінде екеуі азаматсыздықты тоқтатуға арналған.
UNHCR ең ірі донары – АҚШ үкімет пен америкалықтардың, және басқа да дүние жүзіндегі серіктестердің, жақсы қолдауының арқасында UNHCR -дың #IBelong жаһандық науқаны 2024 жылға қарай азаматсыздықты жоюға бағытталған. Науқан басталған 2014 жылдан бері Қазақстанда 13 мыңға жуық aзаматтығы жоқ тұлғалар азаматтығын растайтын құжаттарды алған.
Қазақстан қазір азаматыздық бойынша БҰҰ-ның екі конвенциясына қосылуға және бұл мәселеде БҰҰ-ға мүше басқа мемлекеттердің кең ауқымына қосылуға дайын. Осы екі конвенциялардың әмбебап орындалуы бір ұрпақтың өмір сүру ұзақтығы барысында азаматсыздықты жояды.
Facebook желісінде бөлісу Twitter желісінде бөлісу