29 наурызда UNHCR, БҰҰ босқындар жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетімен бірлесіп, Парламент мүшелері үшін “Қазақстандағы босқындардың құқықтық мәртебесі мәселелері бойынша” тақырыптық кездесу ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты парламентшілердің Қазақстан Республикасындағы босқындардың жағдайын зерделеу туралы хабардарлығын арттыру және ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді талқылау болды.
Отырыс Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева ханымның, Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан ханымның, Қазақстан адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев мырзаның; БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ханымның және UNHCR Орталық Азиядағы өкілі Ханс Фридрих Шоддер мырзаның кіріспе сөздерінен басталды. Парламентаралық одақтың бас хатшысы Мартин Чунгонг жиналғандарға бейне хабарлама арқылы хабарласты.
“Қазақстандағы БҰҰ бөлімшесі Қазақстанның пана іздеушілер мен босқындардың құқықтарын қорғау жөніндегі маңызды миссиясына біздің беретін қолдауымызды растайды. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының рухына және адам құқықтары саласындағы басқа да міндеттемелерге сәйкес ешкімнің артта қалмауын қамтамасыз ету мақсатында пана іздеушілер мен босқындардың жағдайын жақсарту Қазақстанның 2030 жылға дейінгі күн тәртібінің орындауына ықпал етеді”, -деді Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестіруші Микаэла Фриберг-Стори ханым.
Кездесу барысында UNHCR босқындарға қатысты ұлттық заңнама мен тәжірибиені талдау ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде ұсынды. Талдау UNHCR тапсырысы бойынша Қазақстанға оның ұлттық заңнамасы мен практикасын 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы конвенцияға және оған 1967 жылғы хаттаманың стандарттарына сәйкес келтіруде қолдау көрсету жөніндегі ағымдағы жұмыс шеңберінде жүргізілді. Сонымен қатар, кездесуде “парламентшілерге арналған анықтамалық – босқындарды халықаралық қорғау және пана жүйелерін құру мәселелері жөніндегі нұсқаулықтың” қазақ тіліндегі нұсқасы таныстырылды. UNHCR және Парламентаралық одақ бірлесіп әзірлеген бұл нұсқаулықтың екі мақсаты бар: парламентшілерді босқындар мәселелері бойынша халықаралық құқықтың негізгі принциптері мен міндеттемелері туралы хабардар ету және олардың халықаралық стандарттарға сәйкес әділ және тиімді ұлттық пана беру жүйелерін құру үшін қолдауын алу.
Қазақстанның босқындар мәселесіне салып жатқан күш-жігерін, оған қоса тиімді қайта бағыттау рәсімдерін құруын, Қазақстандағы босқындардың азаматтармен және тұрақты тұратын шетелдіктермен тең дәрежеде медициналық көмекке, жұмысқа, білім алуға және әлеуметтік көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы 2023 жылғы Босқындар мәселелері жөніндегі жаһандық форумдағы міндеттемелерін жоғары бағалай отырып, мен парламент мүшелерін ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін жетілдіруге, босқындарға 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы Конвенцияға және адам құқықтары саласындағы басқа да халықаралық нормаларға сәйкес пайдалануы тиіс барлық құқықтар мен қызметтерге тиісті қолжетімділікті қамтамасыз етуге шақырамын”, – деді Орталық Азиядағы UNHCR өкілі Ханс Фридрих Шоддер мырза.
Парламентшілер босқындар туралы ұлттық заңнаманы жетілдіруде және оны халықаралық құқыққа сәйкестендіруде маңызды рөл атқарады. UNHCR Парламентаралық одақпен бірге парламенттердің халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтық туралы заңдарды реформалау қабілетін қолдауда бұрыннан ынтымақтасып келеді.
Босқындардың мәртебесі туралы 1951 жылғы Конвенцияға сәйкес, мемлекеттер қоғамдық көмекке қатысты босқындарға жергілікті азаматтар сияқты қарауы керек және оларға натурализацияға қолайлы қолжетімді орта беруі керек. Алайда, қолданыстағы ұлттық заңнамаға сәйкес, босқындар тек уақытша тұратын шетелдіктер болып саналады, бұл олардың тиісті әлеуметтік қорғауға, денсаулық сақтауға, тұрғылықты жер иенуге және натурализацияға қол жеткізуіне кедергі келтіреді. 2022 жылы Үкімет 2023–2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын қабылдады, ол, атап айтқанда, босқындардың азаматтармен және тұрақты тұратын шетелдіктермен тең дәрежеде медициналық көмекке, жұмысқа, білім алуға және әлеуметтік көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты Босқындар мәртебесі туралы Конвенцияның ережелерін іске асыруды көздейді. UNHCR пана беру рәсімдерін күшейту, ұлттық заңнаманы жетілдіру мақсатында және барлық босқындардың білім, денсаулық сақтау және жергілікті интеграция сияқты құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін үкіметпен жұмыс жасайды.
2024 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан 473 пана іздеуші және босқындар туралы ұлттық заңға сәйкес мойындалған 262 босқын тұрады.
Тағы оқыңыздар: Қазақстандағы босқындардың құқықтық мәртебесі мәселелері ҚР Парламенті мәжілісінде талқыланды.
Facebook желісінде бөлісу Twitter желісінде бөлісу