Қашуға мәжбүр болған адамдармен ынтымақтастығыңызды көрсету үшін осы Дүниежүзілік босқындар күнінде бізге қосылыңыз.
Қазіргі таңда босқындар біздің қолдауымыз бен ынтымақтастығымызға бұрынғыдан да көбірек мұқтаж. Бұл дегеніміз біз босқындардың күш-қуаты мен жетістіктерін мойындап, олар қандай қиындықтарға тап болатыны туралы ойланып, көкірегіміз ояу болу керегін білдіреді.
Қашуға мәжбүр болған адамдармен ынтымақтасу сонымен қатар олардың жағдайын жақсарту үшін шешімдер табуды білдіреді. Үйлерін тастап кеткен адамдар өз өмірлері үшін қорықпай қайтып оралуы үшін қақтығыстарды тоқтату, босқындарды қабылдаушы қауымдастықтарда даму мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету және босқындарды қабылдайтын елдерді оларға қолдау көрсету үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.
Босқындармен ынтымақтастықты қалай көрсете аласыз?
Өз біліміңізді арттырыңыз
Біздің веб-сайтымыздан соңғы әлем бойынша мәжбүрлі қоныс аудару туралы статистика мен трендтерді, сондай-ақ қолданылатын терминологияның адамдардың өмірі мен құқықтарына әсері туралы оқыңыз.
Қайырымдылық жасаңыз
“Жоғарыға ұмтылу” науқанымыздың шеңберінде қайырымдылық жасау арқылы жас босқындарға жоғары білім алуға қолдау көрсетіңіз.
Қазақстанда 2024 ж. өтетін іс-шаралар:
- Фильмдердің ашық көрсетілімдері, Алматы және Астана
- Балаларға арналған футбол матчы, Алматы
- “Ынтымақтастық” тақырыбындағы Арт-терапия, Алматы.
#Босқындармен ынтымақтастықтың үш мысалы
We Were Here — UNHCR, яғни Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттігі және YouTube қосылып шығарған Webby сыйлығының иегері атанған деректі фильмдер сериясы.
Дүниежүзілік босқындар күнін қолдау үшін бұл қысқаметражды фильмдер бізді босқындардан ерекшелендіретін нәрселерден гөрі біріктіретін нәрселерді көрсету арқылы босқындар туралы қалыптасқан стереотиптерге қарсы тұрады. Иорданиядан, Германиядан және Угандадан келген босқындар өздерінің оқиғаларымен бөлісу үшін YouTube-тің үздік авторларымен бірлесіп жұмыс істеді.
Украинада соғыс басталғанда даңқ шыңында болған Бетлехем, Сиона және Мириамның музыкалық тобы британдық музыкалық продюсер Джекс Джонспен бірге студияда уақыт өткізеді.
Угандадағы Конго Демократиялық Республикасынан келген босқын Бемерики Бусамва уэльстік вегетариандық аспаз Газ Оклимен қауымдастықтарға азық-түлік өсіруді үйретуге деген құмарлығын бөліседі.
Дүниежүзілік босқындар күнінің тарихы мен мақсаты
Дүниежүзілік босқындар күні босқындардың құқықтарын, қажеттіліктері мен ұмтылыстарын атап өтуге, босқындардың өмір сүріп қана қоймай, олардың өркендеуі үшін саяси ерік пен ресурстарды жұмылдыруға көмектесуге бағытталған.