2025 жылғы Халықаралық ана тіл күніне орай UNHCR Орталық Азиядағы босқындар мен азаматтығы жоқ адамдар мәселелері бойынша коммуникацияның дәлдігін арттыру және тілдік әртүрлілікті қолдау мақсатында қазақ, қырғыз, тәжік, түрікмен, өзбек, ағылшын және орыс тілдерінде «Орталық Азиядағы UNHCR-дің негізгі терминдері бойынша нұсқаулығын» жариялайды.
English | Русский | Кыргыз | Тоҷикй | Türkmen | O’zbek
Тілдік әртүрлілік пен ана тілдердің маңыздылығын көрсету үшін 21 ақпанда әлем Халықаралық ана тіл күнін атап өтеді. Тіл – бұл жай ғана қарым-қатынас құралы емес, ол – қоғамға, әлеуметтік байланыстарға және жаңа мүмкіндіктерге жетелейтін көпір.
Жергілікті интеграция – UNHCR-дің, яғни БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің, Орталық Азиядағы басты бағыттарының бірі. Бұл аймақта жергілікті қоғам шамамен 22 000-ға жуық мәжбүрлі қоныс аударушыларды жомарттықпен қабылдайды. Көптеген босқындар мұнда жылдар бойы, тіпті ондаған жылдар бойы тұрып, жергілікті тілдерді меңгеріп, берік отбасылық және әлеуметтік байланыстар орнатқан. Тіл интеграцияда шешуші рөл атқарады: ол босқындар мен пана іздеушілерге күнделікті қарым-қатынас жасауға, қызметтерге қол жеткізуге, маңызды әлеуметтік байланыстар орнатуға және өздерін қабылдаған елдердің тұрақты дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.
UNHCR Орталық Азиядағы үкіметтермен және Қазақстандағы Қызыл Жарты ай қоғамы мен Назарбаев Университеті, Қырғыз Республикасындағы Орталық Азияның Америкалық Университеті (AUCA), Тәжікстандағы «Балалар, босқындар және осал азаматтар» (RCVC) қоғамдық ұйымы секілді және басқа да серіктестермен босқындардың өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттыру, сондай-ақ әлеуметтік бірлік пен жергілікті интеграциясын күшейту үшін босқындарға тегін тіл курстарын ұйымдастырады.
Тілдік әртүрлілікті қолдау және Орталық Азиядағы босқындар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың мәселелерін нақты әрі түсінікті түрде жеткізу мақсатында, 2025 жылғы Халықаралық ана тіл күніне орай, UNHCR қазақ, қырғыз, тәжік, түрікмен, өзбек, ағылшын және орыс тілдерінде «Орталық Азиядағы UNHCR-дің негізгі терминдері бойынша нұсқаулығын» жариялайды.
Facebook желісінде бөлісу Twitter желісінде бөлісу