Орталық Азияда азаматтығы жоқтықты жою туралы Ашхабад декларациясы бүгін қазақ, қырғыз, тәжік, түрікмен, өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланды
АЛМАТЫ – Орталық Азия мемлекеттері бүгін қазақ, қырғыз, тәжік, түрікмен, өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланған Орталық Азиядағы азаматтығы жоқтықты жою туралы Ашхабад декларациясын қабылдау арқылы азаматтығы жоқтықты жоюға өз міндеттемелерін растады.
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы қабылдаған Ашхабад декларациясы субаймақта азаматтығы жоқтықты қысқарту және алдын алу саласында қол жеткізілген прогресті қолдау және арттыру үшін сегіз стратегиялық бағытты айқындайды.
Декларация 2024 жылғы 8 қарашада Ашхабад қаласында Түрікменстан Үкіметі мен UNHCR, яғни Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттігі бірлесіп ұйымдастырған “Орталық Азиядағы азаматтығы жоқтықты жою” Министрлік конференциясының негізгі қорытындысы болып табылады.
“Бұл жетістік аймақтағы мықты саяси ерік пен ынтымақтастықтың азаматтығы жоқтық мәселесін шешуге әсерін көрсетеді”, – деді UNHCR Орталық Азия бойынша өкілінің міндетін атқарушы Думитру Липкану. “Ашхабад декларациясын жүзеге асыру үшін бірлесіп жұмыс істей отырып, біз әрбір адам азаматтық беретін құқықтар мен қауіпсіздікті пайдаланатын және өз қауымдастықтарының тұрақты дамуына толық үлес қоса алатын болашаққа жақындаймыз”.
Соңғы онжылдықта Орталық Азия 200 000-нан астам адамға азаматтықты растау немесе беруге қолдау көрсету арқылы азаматтығы жоқтықты қысқарту мен алдын алуда айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Әлемде азаматтығы жоқтықтың әрбір үшінші жағдайы Орталық Азия аумағында шешілді.
Қырғыз Республикасы мен Түрікменстан өз аумағында азаматтығы жоқтықтың барлық белгілі жағдайларын шешкен әлемдегі жалғыз елдер.
Жаңа декларация арқылы мемлекеттер қолдайды:
2024 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша Орталық Азияда азаматтығы жоқ немесе азаматтығы анықталмаған 30 000-нан астам адам болды. Азаматтықтың болмауының әсерінен олар көбінесе білім беру, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу және қозғалыс еркіндігі сияқты негізгі құқықтарға қол жеткізуде қиындықтарға тап болады. Азаматтықты тек мемлекеттер бере немесе растай алатындықтан, үкіметтердің азаматтығы жоқтықтың алдын алу және азайту жөніндегі ынтымақтастығы өте маңызды.
#Belong науқанының нақты жетістіктері мен динамикасына сүйене отырып, 2024 жылдың 14 қазанында UNHCR құрған Азаматтығы жоқтықты жою бойынша жаһандық альянс аясында азаматтығы жоқтыққа қарсы күш-жігер мен міндеттемелерді орындау бойынша жұмыс жалғасады. Түрікменстан Орталық Азиядағы жаңа альянсқа қосылған алғашқы ел бола отырып, халықаралық көшбасшылықты көрсетті.
Түрікменстан – БҰҰ-ның азаматтығы жоқтық бойынша екі конвенциясына – 1954 жылғы апатридтердің мәртебесі туралы конвенцияға және 1961 жылғы азаматтығы жоқтықты қысқарту туралы конвенцияға – қатысушы болып табылатын Орталық Азиядағы жалғыз ел.
– Соңы –
Азаматтығы жоқтықты жою бойынша жаһандық альянс
2014 жылы UNHCR азаматтығы жоқтықты жоюға және оның мақсатында міндеттемелерді, іс-қимылдарды және ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған 10 жылдық #IBelong науқанын бастады. Соңғы 10 жылда науқан мемлекеттердің, азаматтық қоғам ұйымдарының, БҰҰ агенттіктерінің, академиялық институттардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар басқаратын аймақтық ұйымдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында азаматтығы жоқтықтың алдын алу мен азайтуда айтарлықтай прогреске қол жеткізді. #IBelong науқанының аяқталуына байланысты 2024 жылдың 14 қазанында UNHCR азаматтығы жоқтықты жою бойынша жаһандық альянсты іске қосты.
Азаматтығы жоқтықты жою бойынша жаһандық альянс – әртүрлі мүдделі тараптарды біріктіретін жаңа көпжақты платформа. Оның тұжырымдамасы “әр адам кемсітусіз азаматтық алуға құқылы азаматтығы жоқтық жоқ әлемді құру болып табылады.” Альянс мемлекеттерді, азаматтығы жоқ адамдар басқаратын ұйымдарды, БҰҰ агенттіктерін, азаматтық қоғам ұйымдарын және аймақтық үкіметаралық және парламентаралық ұйымдарды азаматтығы жоқтықты жою және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірлескен іс-қимылдар үшін біріктіреді. Альянс оқыту, тәжірибе алмасу және ынтымақтастық алаңы ретінде қызмет етеді. Сондай-ақ, заңдардағы, саясаттағы және тәжірибедегі олқылықтарды анықтау және оларға жауап беру, азаматтығы жоқтықты жою және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын қорғау үшін қажетті саяси міндеттемелерді нығайту арқылы өзгерістерді ынталандыру және жеделдету үшін жұмыс жасайды.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
Facebook желісінде бөлісу Twitter желісінде бөлісу