Алматы, 30 мамыр, 2023 ж. – UNHCR, яғни БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Агенттігі бүгін әрбір адамның азаматтық алу құқығын іске асырудағы прогресті одан әрі жеделдету үшін жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғалардың қатысуымен азаматтығы жоқтықты жою жөніндегі дөңгелек үстелге Орталық Азия елдері үкіметтерінің, азаматтық қоғамның және БҰҰ-ның басқа да агенттіктерінің өкілдерін жинады.
Дөңгелек үстел барысында білім алмасу Орталық Азия мемлекеттеріне UNHCR-дың 2014-2024 жылдарға арналған азаматтығы жоқтықты жою жөніндегі жаһандық іс-қимыл жоспарында және #IBelong науқаны шеңберінде көзделгендей, 2024 жылға қарай субаймақта азаматтығы жоқтықты жою жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Азаматтығы жоқтық, яғни тұлғаның азамат ретінде танылмау жағдайы бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарға әсер етеді. Азаматтық болмаған жағдайда адамдар көбінесе білім алу, жұмысқа орналасу және денсаулық сақтауды қоса алғанда, ең негізгі құқықтарға қол жеткізе алмайды.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов пен UNHCR Азия-Тынық мұхиты өңірі бойынша өңірлік директоры Индрика Ратватте ашты. Ұлттық және халықаралық сарапшылар практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, азаматтығы жоқтық мәселелерін тиімді шешу стратегияларын зерделеді.
“Соңғы онжылдықта әлем азаматтығы жоқтықты анықтауда, қысқартуда және алдын алуда және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын қорғауда айтарлықтай жетістіктерге жетті”, — деді Индрика Ратватте. – Бұл табыстың кілті негізінен Орталық Азия мемлекеттерінің оған қосқан үлесіне байланысты. Осы прогресті ескеретін болсақ, Орталық Азия әлемдегі азаматтығы жоқтықты жойған әлемдегі алғашқы аймақ болуы мүмкін”.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар азаматтығы жоқтыққа байланысты жекелеген жағдайларды шешу, баланың туылуын жалпыға бірдей тіркеуді қамтамасыз ету, құқықтық кепілдіктерді күшейту, азаматтығы жоқтық жайындағы конвенцияларға қосылуға жәрдемдесу, азаматтығы жоқтық бойынша деректер мен статистиканы жақсарту және 2023 жылдың соңында Женевада өтетін Жаһандық босқындар форумы үшін азаматтығы жоқ адамдарға қатысты міндеттемелерді әзірлеу стратегиялары мен озық тәжірибелерін талқылады. Пікірталас барысында Орталық Азия субаймағында адамдардың құқықтарын қорғау және азаматтығы жоқтықтың алдын алу үшін деректерге негізделген ынтымақтастық пен тәсілдердің маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шараға Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.
2023 жылғы наурыздағы жағдай бойынша 40 000-нан астам адамның Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанда азаматтығы жоқ немесе азаматтығы анықталмаған екендігі белгілі болды.
Азаматтығы жоқ адамдардың жаңа саны Орталық Азияда үнемі анықталатындықтан, олардың нақты саны бұдан да жоғары деп есептеледі. 2014 жылы #IBelong науқаны басталғаннан бері 2023 жылдың наурызына қарай Орталық Азияда 180 000-нан астам азаматтығы жоқтық жағдайлары шешілді.
Facebook желісінде бөлісу Twitter желісінде бөлісу