Бұрын азаматтығы жоқ құжатсыз әйел енді жеке басын куәландыратын құжаттармен өз әлеуетін жүзеге асыра алады
Ұлпан Қазақстанға келе жаттқан жолда Өзбекстанның төлқұжатын жоғалтып алып, оны қайта жасата алмаған. Жеке басын куәландыратын жарамды құжаты болмағандықтан, ол некені тіркей алмай, жұмысқа тұра алмаған. Сондықтан да Ұлпан толығымен жұбайына тәуелді болды. Мұғалім оқуын алған және мансап құруды армандаған жас келіншек жұмыс істей алмай, уайымға түсті.
Балалары дүниеге келгенде жеке басын куәландыратын құжатын көрсете алмаған Ұлпан, олардың туғанын тіркей алмаған. Ал болашақта азаматтық алуға қажетті негізгі құжат – туу туралы куәлік болмағандықтан, Ұлпанның балаларына да азаматтық ала алмау қаупі төніп тұр.
Жеке басын куәландыратын құжатсыз Ұлпан және балалары әлеуметтік қамсыздандырудан, медициналық көмектен, жүріп-тұру бостандығынан және басқа да құқықтары мен қызметтерінен, сонымен қатар балалар мектепке дейінгі білім алу мүмкіндігінен де айырылды. Ұлпан банктен есепшот аша алмады, тіпті сим-карта да сатып ала алмады. Құжаттаманың жоқтығы ауыр тиді.
2023 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда азаматтығы жоқ 8,569 тұлға бар.
Қазақстанда азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ құжаты жоқ азаматтығы жоқ адамдар – «азаматтығы анықталмаған тұлғалар» деп аталатын адамдар тұрады. Құжаты бар азаматтығы жоқ тұлғалар үкіметтің «Азаматтығы жоқ тұлға» куәлігін алды. Бұл күәлік Қазақстанда қалуға және жұмысқа тұруға, денсаулық сақтау және мемлекеттік қызметке қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Ұлпан және оның үш баласы сияқты азаматтығы анықталмаған тұлғалар ең осал санатқа жатады, өйткені олардың құқықтық мәртебесі жоқ және олар әлеуметтік-экономикалық құқықтың көпшілігіне қол жеткізе алмайды – оларды мүлдем жоқ деуге болады.
Құжаттарын жоғалтып алған Ұлпан амалсыздан жаңасын алуға тырысты.
2020 жылы ол БҰҰ БЖКБ серіктес ұйымы – Оңтүстік Қазақстанда азаматтығы анықталмаған тұлғаларға тегін құқықтық көмек көрсететін «Cана Сезім» әйелдер бастамасының құқықтық орталығы туралы білді.
Екі жылдан астам уақыт бойы оның тұлғасын анықтау, құжаттау және растау процесінен кейін Ұлпан 2023 жылы азаматтығы жоқ тұлға деп танылып, «Азаматтығы жоқ тұлға куәлігін» алды. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» кодексіне 2019 жылы енгізілген өзгерістерден кейін «Сана Сезім» заңгерлері Ұлпанның балаларына да жеңілдетілген тәртіппен туу туралы куәлік алуға көмектесті.
Қазір Ұлпан аспаз болып жұмысқа тұрып, бұрын жете алмаған Өзбекстандағы туыстарына баруды жоспарлап отыр.
Орталық Азия елдері азаматсыздықты азайту және алдын алуда он жылдан астам уақыт ішінде айтарлықтай жетістікке жетті.
Орталық Азия елдері азаматсыздықты азайту және алдын алуда он жылдан астам уақыт ішінде айтарлықтай жетістікке жетті.
БҰҰ БЖКБ-нің ең ірі доноры – АҚШ үкіметі мен америкалықтардың және бүкіл әлемдегі серіктестердің жомарт қолдауының арқасында #IBelong жаһандық науқаны 2024 жылға қарай азаматсыздықты жоюға бағытталған. Науқан басталған 2014 жылдан бері Орталық Азияда азаматтығы жоқ 260,000-нан астам іс шешілді, оның 17,821-і Қазақстанда.
Осындай жетістіктен кейін Қазақстан үшін келесі қадам БҰҰ азаматтығы жоқтық туралы конвенциясына қосылу болуы керек, бұл елдің аймақтағы көшбасшы екенін айшықтай түсіп, адам құқығын қорғауға деген ұмтылысын бұрынғыдан да айқын көрсетер еді. Конвенциялардың әмбебап орындалуы бір ұрпақтың өмір сүру ұзақтығы барысында азаматсыздықты жояды.
Ұлпан үшін құжат пен азаматтық алу, негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуден де маңыздырақ. «Азаматтық – мақтаныш сезімін тудырады, бақытты етеді» дейді Ұлпан. «Себебі бұл сіздің кім екеніңізді, осы елдің бір бөлігі екеніңізді көрсетеді».
*Аты тұлғаның өтініші бойынша өзгертілді
Facebook желісінде бөлісу Twitter желісінде бөлісу