❗Өтініш берер алдында нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз және стипендия критерийлері мен шарттарын түсінгеніңізге көз жеткізіңіз. DAFI бағдарламасы әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндіктер беруге бағытталған.
Онлайн өтініш беру мерзімі: 2023 ЖЫЛ , 15 ТАМЫЗ (Астана уақыты бойынша 23:59-ға дейін).
1992 жылдан бері неміс үкіметі мен жеке донорлар Альберт Эйнштейннің неміс босқындар жөніндегі академиялық бастамасын ( DAFI ) бүкіл әлем бойынша жас босқындарға жоғары немесе орта кәсіптік білімдерін бастауға немесе жалғастыруға көмектесу үшін қолдап келеді.
DAFI бағдарламасы бірінші баспана алған елдің аумағында орта кәсіптік және жоғары білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етуде біліктілік іріктеуден өткен, бағдарлама талаптарына сәйкес академиялық қабілеті жоғары жас босқын қыздар мен ұлдарға қолдау көрсетуге бағытталған. DAFI стипендиясы босқын қыздар мен ұлдарға өздерінің білімдерін, дағдыларын және көшбасшылық қасиеттерін босқындар қауымдастығына үлес қосуға және баспана елінде бейбіт қатар өмір сүруге, әлеуметтік келісімге және қабылдаушы қауымдастықтардың дамуына жәрдемдесу мүмкіндігін беруге арналған. Осы мақсатқа жету үшін шәкіртақы алатын әрбір студент өзінің оқудағы жетістіктері мен кәсіби мансабы арқылы ғана емес, сонымен қатар қоғамдастықтың басқа мүшелерінің, әсіресе босқын балалар мен жастар, жеке қатысуы, қолдауы және шабыты арқылы қоғамға және жалпы қоғамға жеке үлес қосуы керек.
DAFI стипендиялары аккредиттелген жоғары оқу орындарында бакалавриат немесе оған теңестірілген дәрежедегі ең көбі төрт жыл оқу үшін беріледі. DAFI бағдарламасы магистратура деңгейінде білім бермейді.
DAFI стипендиясы оқу ақысын, оқуға байланысты жиындарын, оқу материалдарын және зерттеу немесе тағылымдамадан өту сияқты білімге байланысты басқа шығындарды қамтиды. Шәкіртақы сонымен қатар тамақтану, жол жүру, тұру және кәсіби немесе жоғары білім алуға байланысты басқа да шығындарды қамтиды.
DAFI стипендиясы оқу ақысын, оқуға байланысты жиындарын, оқу материалдарын және зерттеу немесе тағылымдамадан өту сияқты білімге байланысты басқа шығындарды қамтиды.
DAFI стипендиаттары әлеуметтік, құрдастарымен және қауымдастықпен қатысу іс-шараларына және дағдыларды дамыту іс-шараларына қатысады. БҰҰ БЖКБ және білім беру серіктестері әр студенттің академиялық табысы мен әл-ауқатына қолдау көрсету үшін әр студентпен және олар баратын жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста болады.
DAFI стипендиясына өтініш беру үшін сіз келесі критерийлерге сай болуыңыз керек:
DAFI стипендиясы сабаққа тұрақты қатысу, әр семестрді сәтті аяқтау, оқу жылындағы жақсы академиялық көрсеткіштер, DAFI клубында белсенділік көрсету мен еріктілік сияқты DAFI бағдарламасының іс-шараларына қатысу шартымен жыл сайын төрт жылға дейін ұзартылуы мүмкін.
Әр оқу жылының басында DAFI стипендиаттары Стипендия келісіміне қол қояды. DAFI стипендиаттары оқу бағдарламасын сәтті аяқтау үшін және БҰҰ БЖКБ-на, Қызыл Жарты Ай Қоғамына жеке немесе оқуға қатысты кез келген мәселелер туралы дер кезінде хабарлауы тиіс. Алаяқтық немесе академиялық адалдықты бұзудың немесе тәртіпсіздіктің басқа түрлері болған жағдайда , стипендия дереу тоқтатылады. Жиі сабаққа қатыспау, сабаққа дайын болмауы немесе академиялық жақтан үлгермей жатқан жағдайда стипендияның жалғасуы немесе тоқтатылуы берілген мән-жайларды, себептерді немесе түсініктемелерді ескере отырып, БҰҰ БЖКБ анықтайды.
Оқу ақысы және оқуға байланысты басқа да шығындар стипендиаттың оқу үлгерімі жақсы болған жағдайда тікелей университетке төленеді. Ай сайынғы стипендия тікелей стипендиатқа төленеді.
Өтініште барлық қажетті құжаттар болуы керек. Толық емес өтініштер қарастырылмайды.
Өтініш беру процесі:
❗Онлайн форматта ағылшын тілінде толтыруға көмек қажет болса, кез келген сұрақтар бойынша БҰҰ БЖКБ қызметкеріне хабарласыңыз: Диана Асенова, тел. +7 775 628 11 99, assenova @ unhcr . org . Біз көмек көрсетуге әрдайым дайынбыз!
Сіздің өтінішіңізге қатысты БҰҰ БЖКБ немесе Қызыл Жарты Ай Қоғамынан қосымша ақпаратты күтіңіз. Егер сіздің өтінішіңіз ресми өтінім мен іріктеу критерийлеріне сәйкес келсе, сіз интвервьюге шақырыласыз. Егер сіздің өтінішіңіз интервьюден кейін қаралса, сізбен БҰҰ БЖКБ немесе Қызыл жарты ай өкілі хабарласады. Стипендия стипендия туралы келісімге қол қойғаннан кейін және стипендияны қабылдағаннан кейін күшіне енеді.
Facebook желісінде бөлісу Twitter желісінде бөлісу