Aлматы, Қазақстан – Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті мен БҰҰ БЖКБ, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының 19 жергілікті атқарушы органдарының (әкімділіктерінің) 19 қызметкеріне арналған босқындарды қорғау саласындағы ұлттық және халықаралық заңнамаға арналған екі күндік тренингті бастады.
Халықаралық мамандар жүргізетін курс Босқындар мәртебесі туралы 1951 жылғы Конвенцияға және Босқындар мәртебесіне қатысты Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Босқындар туралы» Заңы мен оған қатысты нормативтік құқықтық актілердің біркелкі қолданылуын жақсартуға арналған.
«Ұлттық және халықаралық босқындар туралы заңнаманың дәйекті қолданылуын қамтамасыз ету үшін бүкіл әлемдегі, сондай-ақ Қазақстандағы билік органдарына мәжбүрлі қоныс аударылған адамдарды қорғау және оларға көмектесу жөнінде қолдау көрсету біздің мандатымыздың негізгі элементі болып табылады», – деді Ханс Фредрих Шоддер, БҰҰ БЖКБ Орталық Азиядағы өкілі. «Еңбек министрлігімен және басқа серіктестермен тығыз ынтымақтастығымыз қоныс аударған адамдардың барабар құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуін жеңілдетеді, бұл оларға Қазақстанның тұрақты дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді».
Тренинг барысында босқындар туралы ұлттық заңнаманы және пана іздеушілер мен босқындарды қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды түсіндіруге қатысты жергілікті атқарушы органдардың жиі қойылатын сұрақтары қарастырылады.
«Министрлік босқындар мәртебесіне қатысты 1951 жылғы Конвенцияның және оның 1967 жылғы Хаттамасының ережелерін ескере отырып, Қазақстандағы босқындарды интеграциялаудың әлеуметтік-экономикалық аспектілерін қамтитын Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірледі. Осы Тұжырымдаманың ережелерін іске асыру республика аумағында босқындар мен пана іздеушілерді қорғау мен қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев.
2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда 635 пана іздеушілер және 333 босқындар өмір сүреді. Қазақстанда тұратын босқындардың басым бөлігі білімді, әртүрлі кәсіби дағдылары мен жұмыс тәжірибесі бар және елде интеграциялануға және қалуға ынталы. Қазақстандағы босқындардың 70 пайыздан астамы 10 жылдан астам өмір сүрсе, жалпы санының 22 пайызы осы елде дүниеге келген.
2021 жылы БҰҰ БЖКБ ұлттық заңнаманы Қазақстанның Босқындар туралы конвенция бойынша міндеттемелеріне сәйкестендіруге бағытталған ұлттық заңнамадағы бар жетіспеушіліктердің жан-жақты құқықтық талдауын жариялады. Бұл босқындардың тиісті әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен қызметтерге, соның ішінде денсаулық сақтау және заңды жұмысқа тұру сияқты қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Facebook желісінде бөлісу Twitter желісінде бөлісу