2023 жылғы 13 желтоқсанда БҰҰ БЖКБ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетімен бірлесіп, Астанада Қазақстандағы азаматтығы жоқ тұлғаларды анықтау және құжаттандыру рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша бірлескен семинар өткізді.
Қазір азаматтығы жоқтық немесе бірде-бір елдің адамның азаматтығын мойындамауымен байланысты жағдай дүние жүзінде миллиондаған адамның, ал бір ғана Қазақстанда 8 мыңнан астам адамның тағдырына тікелей әсер етіп отыр. Осы бір себептен азаматтығы жоқ және тиісті құжаты жоқ адамдар – білім алу, ресми жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау немесе некені тіркеуге қол жеткізуді қоса алғанда – өзінің ең негізгі құқықтарын пайдалану мүмкіндіктерінен айырылуда.
Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің және оның өңірлік бөлімшелерінің, БҰҰ БЖКБ және үкіметтік емес ұйымдардың 46 өкілі қатысқан семинар қолданыстағы «Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына екенінің жататындағына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларды» қолдануға қатысты егжей-тегжейлі пікір алмасу әрі талқылау алаңына айналды.
«Әрбір адамның азаматтыққа құқығы қазір бұрынғыдан да маңыздырақ мәнге ие, өйткені бүгінгі таңда әлем жаңа және жалғасып жатқан қақтығыстар сияқты күрделі сын-қатерлерге тап болып отыр. Азаматтық және онымен бірге келетін барлық құқықтар мен заңдық қорғаулардың болуы адам үшін өте маңызды». – деді БҰҰ БЖКБ Қазақстандағы Ұлттық кеңсесінің басшысы Ирина Билялова.
Отырыстардағы талқылауларға БҰҰ БЖКБ заң сарапшылары, Молдованың Баспана және азаматтығы жоқ тұлғалар істері жөніндегі басқармасының, Грузияның Мемлекеттік қызметтерді дамыту агенттігінің Азаматтық және көші-қон қызметінің халықаралық мамандары, сондай-ақ Көші-қон қызметі комитетінің, Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюросының және «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы үкіметтік емес ұйымының тәжірибелі мамандары өз үлестерін қосып, ой-пікірлерімен бөлісті.
Семинарға қатысушылар қолданыстағы Ережелерді жетілдіру, азаматтығы жоқ тұлғалардың мәртебесін анықтау процесінің тиімділігі мен әділдігін арттыру бойынша бірлескен ұсынымдар әзірледі, сондай-ақ ұлттық заңнаманы 1954 жылғы Азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесі туралы Конвенцияда әрі 1961 жылғы Азаматтығы жоқтықты қысқарту туралы Конвенцияда белгіленген негізгі кепілдіктерге сәйкестендірудің маңыздылығын талқылады.
«Осы халықаралық стандарттарға сәйкестік Қазақстанның құқықтық жүйесі шеңберінде осы конвенцияларда көрсетілген құқықтар мен құқықтарды қорғауды тиімді бірлестіру және оларды қолдау үшін өте маңызды. Бұл үйлестіру Қазақстандағы азаматтығы жоқ тұлғаларға арналған құқықтық кепілдіктерді нығайту, олардың құқықтарын халықаралық стандарттарға сәйкес тануды және құрметтеуді қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады», – деді БҰҰ БЖКБ азаматтығы жоқ істер жөніндегі қызметкері Сергей Гайна.
Азаматтығы жоқтықты жоюға арналған 10 жылдық #IBelong жаһандық науқаны 2014 жылы басталғаннан бері өткен он жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан БҰҰ БЖКБ қолдауымен бұған қатысты 13 000-ға жуық істі реттеп, азаматтығы жоқтықты азайту және алдын алуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
Осы аптада Швейцарияда өткізілетін босқындар мен азаматтығы жоқтық мәселесіне арналған ең ірі халықаралық конференция – Босқындар істері жөніндегі жаһандық форумында Қазақстан үкіметі бес міндеттеме қабылдады, оның ішінде екеуі азаматтығы жоқтықты тоқтатуға арналған:
Қазақстан БҰҰ-ның азаматтығы жоқтық туралы конвенцияларына қосылуға сенімді түрде дайындалуда, бұл елдің адам құқықтарын қорғау ісіне қатысты міндетін адал атқарып отырғанын көрсетеді. Конвенцияларды әмбебап іс жүзіне асыру бір ғана ұрпақ өмірі ауқымында азаматсыздықты жоюға жол ашады.
Facebook желісінде бөлісу Twitter желісінде бөлісу